40 метр биіктіктен секіріп, ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бақытсыз оқиға Бразилияның Сан-Паулу қаласында болды. 36 жастағы Фабио де Морез экстремалдық аттракцион арқылы өз жүйкесін тексеріп көрмек болған.
Ол банджай-джампинг әдісімен 40 метрлік биіктіктен секірген. Өкінішке қарай, арқанның ұзындығы дұрыс есептелмегендіктен, ер адам жерді сүзе құлаған, деп хабарлайды life.ru.
Ол жерге баспен соғылғанда-ақ дәрігерлер көмекке жүгірген, бірақ алынған жарақаттан Ф. де Морез өмірімен қош айтысты. Фабионың соңғы секірісін әйелі, бауыры және 6 жастағы ұлы тамашалап тұрған.