40 млн теңге пара: Өртке қарсы қызмет пен Шымкент, Жетісу ТЖД бастықтарына қатысты тергеу аяқталды

взятка
Фото: Рустем Айтхожин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ТЖМ өртке қарсы қызметінің төрағасына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады. 

Антикор ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады.

Лауазымды тұлғаларға бизнес өкілдерінен жүйелі түрде жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам пара алып келді деген айып тағылған. 

Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады.

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралып жатыр. 

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды» деп хабарлады ведомстводан. 

 

Соңғы жаңалықтар