40-тан астам нотариус лицензиясынан айырылды — вице-министр
АСТАНА. KAZINFORM — Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Мәжілістің жалпы отырысында нотариустардың қандай заң талаптарын жиі бұзатынын айтты.
— Шынымен де атқарушылық жазбалармен байланысты көптеген заң бұзу фактісі анықталған еді. Атқарушылық жазбалар тек даусыз мәмілелер бойынша ғана іс жүргізу керек. Ал заң бұзған нотариустар жалған құжаттар мен дәлелденбеген фактілер негізінде, аумақтық қағидатты сақтамай шешім атқарушылық жазба рәсімдеген, — деді ол депутат Абзал Құспанның сұрағына жауап бере отырып.
Оның сөзінше, заң бұзған нотариустардың бәрі тиісті жазасын алған.
— Сіз айтып отырған 2022-23 жылдарды қамтыған тексеру кезінде 122 нотариус жауапқа тартылды. Соның ішінде 40-тан астам лицензия қайтарып алдық. 20-ға жуық лицензия уақытша тоқтатылды. 50-ге жуық нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — деді Ботагөз Жақселекова.
Бұған дейін нотариустардың қызметі бойынша жаңа бақылау тізімі бекітілгенін жазған едік.