Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

400 мыңнан астам балаға қолдау жасалады – Үкімет басшысы

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі мен өңір әкімдіктері мектептерлегі санитариялық нормалардың сақталуын тұрақты бақылауға алады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.

Сыр өңірінің оқушылары «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясын жеңіп алды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

- Мемлекеттік қолдауға мұқтаж барлық отбасыларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілуге тиіс. Ол үшін жергілікті бюджеттерде қажетті қаражат көзделген. Бұл 400 мыңнан астам балаға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Өңір әкімдеріне көмектің шын мәнінде мұқтаж жандарға берілуін қамтамасыз етіп, әрбір нақты жағдай бойынша уақтылы шаралар қабылдауды тапсырамын. Балалардың жан-жақты дамуы мен табысты білім алуы мектептердегі сапалы әрі дұрыс тамақтандыруға да байланысты. Денсаулық сақтау министрлігі мен өңір әкімдіктері өнімдердің сапасы мен санитариялық нормалардың сақталуын тұрақты бақылауға алсын, - деді О. Бектенов.

Үкімет отырысы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Сонымен қатар Үкімет басшысы оқу жылының басталуына қарай колледждер мен университеттердің инфрақұрылымын, жатақханаларды және оқыту бағдарламаларын талапқа сай дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

- Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, тамыз айының соңына дейін оқу жылының басталуына толық дайындықты қамтамасыз етсін, - деді министр.

Бұған дейін хабарланғандай, екі облыста мектептердің қауіпсіздік жүйесінде кемшіліктер анықталды.