402 айыпталушының ісі сотқа жолданды - Қаңтар оқиғасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысқан 402 айыпталушының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғаларын тергеудің алдын ала нәтижелерін жұртшылықтың назарына ұсынуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары заңдылық пен құқықтық тәртібін қалпына келтіру, құқық бұзушыларды анықтау және азаматтарға келтірілген шығынды өндіріп алу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарды және бұл жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен, жедел және сапалы тергеудің нәтижесінде ішкі істер органдарының тергеушілері 402 айыпталушыға қатысты 255 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жолдады. Осындай істердің көптеген саны Алматы қаласының еншісінде – 183, Алматы облысы бойынша 46 және Көліктегі полиция департаменті бойынша 10 қылмыстық іс», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, аталған істер бойынша жәбірленушілерге келтірген шығынның орнын толтыру шамамен 95 миллион теңгені құраған.

«Бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлерінің ұрланған мүлікі табуы және алып қоюы, сондай-ақ өз істеріне өкінген айыпталушылардың келтірген шығынды өтеуі есебінен қамтамасыз етілді», - деді Санжар Әділов.

Полиция қызметкерлері қабылдаған іс-шаралардың негізінде Алматы қаласы бойынша 65 млн-нан астам теңгеге, Алматы облысыбойынша 16 млн теңгеге, Жамбыл облысы бойынша 3 млн-нан астам теңгеге келтірілген зардаптың орны толтырылды. Көліктегі полицейлер 10 млн-нан астам теңгеге шығынның өтелуіне қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар