41 млн юань пара алған қытайлық шенеунікке сот үкімі шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың әскери өнеркәсіп кәсіпорны басшысының бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Синьхуа.
Қытайдың жетекші әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі – China South Industries Group Corporation корпорациясы бас директорының бұрынғы орынбасары Лю Вэйдун сейсенбі күні парақорлық айыбы бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мұндай үкімді Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясының Наньян қаласының орта буындағы халық соты шығарды.
Үкімге сәйкес, айыпталушыға сондай-ақ 4 миллион юань (шамамен 587 мың АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар заңсыз жолмен алынған қаражат тәркіленетін болды.
Тергеу мәліметінше, Лю Вэйдун 1999 жылдан 2025 жылға дейін түрлі қызметтер атқара отырып, өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған. Ол компания қызметіне қатысты мәселе мен мансаптық өсуге көмектескені үшін 41,39 миллион юаньнан астам көлемде пара алған.
Ол осы жылдың 16 қаңтарында ашық сотта қаралып, соңғы сөзінде өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірген.
Айта кетелік Қытай Қарулы күштердегі саяси тәртіп пен оқытуды күшейтпек.