43 градус ыстық, жаңбыр, дауыл: 12 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
АСТАНА.KAZINFORM - Қазгидромет 12 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Маңғыстау облысының солтүстігі мен солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 12-14 тамыз күндері күндіз ауа температурасы +40...+44 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз +40...+42 градус қатты ыстық болады. 12-14 тамыз аралығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістанда солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +40...+43 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +35...+38 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз +35...+36 градус қатты ыстық болады. Қонаевта күндіз ауа температурасы +36...+38 градусқа дейін көтеріледі. Іле Алатауы тауларында, яғни Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз +40...+41 градус ыстық болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +35...+36 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +35...+36 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +38...+42 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады. Таразда күндіз +38...+40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Күндіз облыс бойынша +35...+39 градус қатты ыстық болады. Батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +36...+38 градус ыстық болады.
Абай облысының батысы, солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Күндіз облыс бойынша +35...+38 градус қатты ыстық болады. Батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Күндіз +36...+38 градус ыстық болады.
Ақтөбе облысының батысы мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін облыстың оңтүстігінде оңтүстік бағытқа ауысады, орталығында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігі мен батысында 35 градус қатты ыстық болады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр, ал солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың орталығы мен шығысында 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша +40...+43 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде шаңды дауыл соғады. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні түнде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +40...+42 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл маңында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +35...+39 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысы, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз +37...+39 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде +35...+39 градус қатты ыстық болады. Батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының шығысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Батысында төтенше өрт қаупі, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақытта 23 м/с-қа жетеді. Күндіз +35...+37 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз +35 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі, ал облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Айта кетейік, маусым және шілде айында Батыс Еуропада температура рекордын жаңартты.