5 425 мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды – Оқу-ағарту министрлігі

интернет
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздегі мектептердің 69,6 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті.

«Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мектептердегі интернетке қойылатын жаңа талаптарды белгіледі. Қазір 400 оқушысы бар мектептер үшін интернет жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с болуы керек. Егер оқушылар саны көп болса, онда интернет жылдамдығы 20 оқушыға 1 Мбит/с есебімен артады.

Егер 2023 жылдың басында барлық мектептердің 19 пайызы ғана (1,4 мың мектеп) осы талаптарға сәйкес келген болса, 2023 жылдың соңына қарай мектептердің 69,6 пайызы (5 425 мектеп) жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, орта білім беру ұйымдары үшін Starlink технологияларымен ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны және 2027 жылға дейінг «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын жүзеге асырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар