«5 институционалдық реформа» дамуға негізделеді
![None None](/static/img/plug.webp)
Алайда, осы жетістікте тоқмейілсіп, тоқтап қалу тағы дұрыс емес. Сондықтан елімізде реформалау процесі әлі де қарқынды жүргізіліп келеді.
Сондай реформалардың бірі әрі бірегейі - «5 институционалды реформаның» ел дамуына қосар үлесі айрықша. Бұл реформаның маңыздылығы жөнінде мемлекет басшысы: «Өткен жылы біз аса маңызды бес институттық реформаны жүзеге асыруға кірістік. Бұл жаңғыртулар заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құруға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, индустрияландыру мен экономикалық өсімге, қазақстандықтарды болашақтың біртұтас ұлтына топтастыру мен мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр», - деген болатын.
Бес институционалдық реформа - жаңа экономикалық жағдайдағы кешенді даму жоспары іспетті. Реформа жарияланғаннан кейінгі кезеңде ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл шаралардың барлығына мемлекет басшысы лайықты бағасын де берді: «Үкімет қажетті заңдар, тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдады, мемлекеттік қызметтің меритократия қағидаттарына негізделген мансаптық моделі енгізілді, сот төрелігінің үшбуынды жүйесіне көшу іске асырылды, Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңес жұмысына кірісті, судьяларға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді. Бұдан бөлек, салық және кеден саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде, ауқымды жекешелендіру ісі басталды, елді индустрияландырудың екінші кезеңі жүріп жатыр, әлеуметтік саясат жетілдірілуде, мемлекеттің есептілігі арттырылуда. Жалпы, бүгінде жүз қадамның 23-і толық орындалды», - деді Қазақстан Президенті.
Экономикалық өсімді ынталандыру үшін 2016 жылдың екінші жартысында қосымша 240 млрд теңге бөліну жсопарлануда. Мемлекеттік бюджеттен қаражатты үнемдеу есебінен бөлінетін ресурстар шағын және орта бизнесті қолдауға, жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасын несиелеу мен жүзеге асыру ісіне жұмсалады. Бұдан бөлек, қаржы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, соның ішінде ауылдық елді мекендердегі тұрмыс сапасын жақсартуға, Құрық портындағы паром өткелін аяқтауға және елорда әуежайын жаңғыртуға бөлінеді. Бұл шаралар құрылыс саласында 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, экономикалық өсім қарқынын жеделдетуге септігін тигізеді. Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі 2016 жылға жоспарланған экономикалық өсім деңгейіне қосымша 0,4 % болады деп болжануда.