5 қараша. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 5 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
73 жыл бұрын (1951) Курчатов қаласындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-ның экс-президенті, «ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері», техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Әділ Жианшахұлы ТӨЛЕУШЕВ дүниеге келді.
«Нанотехнология саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулер мен өнеркәсіптік қолдануға арналған ДЦ-60 Циклотрондық кешені» жұмысы үшін Біріккен ядролық зерттеулер институты халықаралық үкіметаралық ұйымының (Дубна қ., РФ) бірінші сыйлығының лауреаты, «ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институтының жетілдірілген тәжірибелік ядролық-физикалық қондырғылары базасында ядролық және радиациялық физика саласындағы іргелі зерттеулер және олардың негізінде ядролық және радиациялық технологияларды құру» тақырыбындағы жұмыстары үшін ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ә. Төлеушевтің басшылығымен радиациялық қауіпті объектілер мен аумақтардың, сондай-ақ бейбіт ядролық жарылыстар мен тарихи ластанулар өткізілетін орындардың қоршаған ортаға әсер етуінен тәуекелді төмендетудің тиімді технологиялары әзірленіп, сынақтан өтті.
140-тан астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 12 авторлық куәліктің, ҚР 42 патентінің, РФ 33 патентінің, 22 мақаланың және 39 баяндаманың авторы.
64 жыл бұрын (1960) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Сағындық Есенғалиұлы ЛҰҚПАНОВ дүниеге келді.
Атырау облысында туған. 1983 жылы Гурьев темір жол техникумын, техник-электрик, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Алматы нарық институтын, экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1983-1989 жылдары Маңғышлақ сигнал беру және байланыс дистанциясының электр монтері; электромеханик, аға инженер, СОБ өндірістік учаскесінің басшысы, осы СОБ қашықтығының Маңғышлақ сигнал беру және байланыс дистанциясының басшысының орынбасары, 1991-1999 жылдары Гурьев сигнал беру және байланыс дистанциясының басшысы, 1999-2002 жылдары Ақжайық сигнал беру және байланыстың бас дистанциясының директоры, 2002-2007 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалының директоры, 2007 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының бас инженері, 2007-2010 жылдары «Атырау облысы «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдігінің директоры болып қызмет атқарған. 2010 жылы «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдігі төрағасының орынбасары, 2010-2012 жылдары «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, 2012-2017 жылдары Атырау облыстық мәслихатының V және VI шақырылымдарының хатшысы, 2017-2018 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2018-2020 жылдары «KPI Inc» ЖШС басқарушы директоры болды.
2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.
60 жыл бұрын (1964) Қазақстан кинематографшылар одағының мүшесі, Қазақстанның халық әртісі, актриса Гүлнар Абдуллақызы ДОСМАТОВА дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
1985 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының актрисасы. Кинодағы алғашқы елеулі рөлі – «Даладағы қуғын» фильміндегі Әйгерім. 20-дан астам фильмге түскен. Оның ішінде «Жеңімпаз», «Мерекенің үш күні», «Кардиограмма», «Адам тағдыры», отандық телесериал «Тоғысқан тағдырлар» және басқалар бар.
«Адам тағдыры» фильміндегі рөлі үшін 1985 жылы Минскіде (Беларусь) өткен Бүкілодақтық кинофестивальда «Ең үздік әйел бейнесі» жүлдесін иеленген.
2000 жылы «Жыл таңдауы» байқауында «Жылдың үздік актрисасы» атанды.
37 жыл бұрын (1987) ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысы Рахымжан Ержанұлы ИСАҚҰЛОВ дүниеге келген.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондонның Роял Холловей университетін «экономика және менеджмент бакалавры» мамандығы бойынша, Жас көшбасшылар бағдарламасы аясында Жапония үкіметінің грантымен Ұлттық аспиранттық саяси зерттеулер институтын мемлекеттік басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын ҚР Президенті әкімшілігінде түрлі лауазымдарды атқарып бастады. ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.
2018-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, 2020 жылы ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің кеңесшісі, 2020-2022 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2022-2023 жылдары ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінде Аппарат басшысы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметіне 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап кірісті.
28 жыл бұрын (1996) қазақ волейболшысы, волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Сабина Абайқызы АЛТЫНБЕКОВА дүниеге келді.
Ақтөбе қаласында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.
Сабина мектеп қабырғасынан бастап волейбол ойнай бастаған. Қалалық, облыстық байқауларға қатысты. Оның әуесқойлық мансабы 2008 жылдан бастау алады. Алғаш жергілікті «Қазхром» волейбол клубының құрамында ойнады. 2013-2014 жылғы волейбол маусымында командасына елдің жоғары волейбол лигасының күміс жүлдесін жеңіп алуға көмектесті. Бойжеткен 17 жасында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасына қабылданды. 2012 жылы Қазақстан жастар құрамасын басқарды (Азия чемпионатында 7 орын). 2014 жылы 23 жасқа дейінгі құраманың капитаны (Азия чемпионатында 6 орын), 2015 жылы «Жапон әйелдер лигасының үздік ойыншысы» атағын алды. Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында азиялық жанкүйерлердің көзіне түсіп, онда көпшілік жас сұлуды жапондық аниме кейіпкеріне ұқсатты. 2016-2019 жылдары Алматы қаласының ұлттық әйелдер лигасының құрамында болып, 2019 жылы араб әйелдер волейбол лигасында өнер көрсетті.