5 қарашада ел аумағының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қарашада ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, шығыста, республиканың оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз.
None
None

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-28 м/с, солтүстікте, солтүстік батыста және шығыста,  кей жерлерде көктайғақ,  жаяу бұрқасындатады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі, жел тұрады. Алматы облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді, түнде тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл облысында кей жерлерде - тұман, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарында, түнде Павлодар облысында  кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде жаяу бұрқасындатады.

Қостанай облысында да кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, желдің күші15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде   бұрқасындатады, күндіз өңірдің басым бөлігінде  желдің екпіні 15-20 м/с. болады.

Шығыс Қазақстан облысында да бұрқасын күтіледі, тұман, 15-20 м/с. жел тұрады,түнде  оның жылдамдығы 23-28 м/с.-ге жетеді. 

Соңғы жаңалықтар