5 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандарына 2023 жылғы 5 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1945 жылы Алматыда алғашқы қазақ консерваториясы ашылды.

2010 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің резиденциясында даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлы туралы «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды. Жинақта Бауыржан Момышұлының Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрын жарияланбаған жазбалары, сұхбаттары, суреттері, сондай-ақ майдангер-достары – Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері бар.

2010 жылы Норвегия Корольдігінің тақ мұрагері, ханзада Хокон Магнус Астанада қазақ-норвег SYSLAB (жұмысқа орналастыру және инновация жүйелік зертханасы) жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталығын ашты. SYSLAB жобасы 1992 жылы Норвегияның «Хиб-Сислаб» кәсіпорынында кіші және орта бизнестің мақсаттарын біріктіру үшін құрылған. Жобаның авторы және негізін қалаушы – Берген қаласының Жоғары технологиялар орталығының директоры Ян Йохонссен. Елімізде аталған жобаның Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орталықтары бар. Жобаның негізгі мақсаты – ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген жоғары білімді маманның жұмысқа орналасуына қол ұшын беру.

2014 жылы ҚР Президентінің Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия Федеративті Демократиялық Республикасы), Мехико қаласында (Мексика Құрама Штаттары), Әл-Кувейт қаласында (Кувейт мемлекеті) Қазақстан Елшілігін ашу туралы Жарлығы шықты.

2014 жылы жас шахматшы Жансая Әбдімәлік ФИДЕ рейтінгінде 89-орынға көтеріліп, алғаш рет әлемнің үздік шахматшыларының «жүздігіне» кірді. «Жүздікке» кірген 14 жасар Әбдімәлік Динара Сәдуақасовадан 15 саты алға шығып, Қазақстанда нөмір бірінші шахматшы атанды.

2014 жылы Қазақстанның ірі университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тұрақты даму бойынша «United Nation Academic Impact» (БҰҰ Академиялық ықпал) жаһандық хабын басқару сеніп тапсырылды. БҰҰ таңдауы кездейсоқ емес: БҰҰ-ның әлемдік мойындалған он принциптерін адам құқығы, сауаттылығы, тұрақты даму және қақтығыстарды шешуге негізделген «Академиялық ықпал» бағдарламасына ҚазҰУ Орталық Азия университеттері ішінде бірінші болып қосылды.

2015 жылы Түркияда «Dünya» жетекші экономикалық газетінің Қазақстан Республикасының жетістіктеріне арналған «Қазақстан» атты арнайы саны жарық көрді. Мұнда Қазақстанның жетістіктері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар мен мақалалар, «Астана-ЭКСПО-2017» туралы ақпараттар қамтылған.

2017 жылы Шымкентте «Оңтүстік» индустриалды аймағының ғимаратынан Түркия Республикасының «Ostim» индустриалды аймағының өкілдігі ашылды. Шетелдік индустриалды аймақтың құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Орхан Айдын бұл жұмыстардың қос мемлекет кәсіпкерлері үшін де тиімді боларына сенім білдіріп, «Оңтүстік» индустриалды аймағының да өкілдігі, яғни бас кеңсесі Түркияның астанасынан ашылатынын жеткізді.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Жастар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін қарайтын болады. Жастар кеңесі ашық пікір алмасу, жаңа идеяларды бірлесіп талқылау және байланыс орнату күнінің алаңына айналады.


Соңғы жаңалықтар