5 күннің ішінде қазақстандық жүргізушілер 57 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылыққа жол берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 23-27 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шаралалры жүргізіліп, 57 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті.

5 күннің ішінде қазақстандық жүргізушілер 57 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылыққа жол берді

Соның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 1053 фактісі, 886 рет - көлікті басқаруға құқығы жоқ адамдар жүргізгені, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 7520 фактісі, 382 рет қозғалыстың қарсы бетіне шығып кету жағдайы, 514 - апаттық жағдай туғызу оқиғасы, 1 522 жаяу жүргіншілерге жол бермеу көрінісі, 9349 - қауіпсіздік белдігін тағынбау, 1007 - бағдаршамның жүруге тыйым салу дабылын ескермеу, 6700 мәрте - көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесу фактісі анықталды.

Сонымен бірге жол қозғалысы ережелерін қоғамдық жолаушылар көлігі жүргізушілері 3 мың рет бұзған.

«Талдау көрсеткендей, елдегі жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайдағы басты фактор - жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы болып отыр. Соның салдарынан 2015 жылдың басынан бері жүргізушілердің кінәсінен 2 мың жол-көлік оқиғалары орын алған, бұл барлық оқиғалардың 90 пайызынан астамын құрайды», деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянова.