5 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 мамыр күні болатын маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

5 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

Сағат 10.00-де «Көрме» көрме орталығында IV республикалық «Ұлттық өнім» отандық тауар өндірушілер көрмесінің ашылуы болады. Бұл отандық өндірушілер үшін диалог алаңы болып табылады. Мұнда шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, экспорттық салалардың дамуын қалай жақсартуға болатыны талқыланады. Сондай-ақ көрме барысында VI франчайзинг бойынша «KazFranch 2018» ұлттық форум-көрмесі өтеді. Мұнда қазақстандық, халықаралық кәсіпорындар меншікті франчайзинг жобасын және франшизаны дамытуға байланысты тәжірибелерімен бөліседі.

Сағат 10.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық мұрағатында Жеңіс күніне арналған «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - үлгі» деректі көрмесі өтеді.

Сағат 10.30-да «Инклюзивті дизайн» орталығында халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау күніне орай ашық есік күні өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты республикалық тарихи-экологиялық акциясы басталады. (Н.Тілендиев кқшесі, 2, Екінші Дүниежүзілік соғыс сарбаздарының Бауырластар зираты)
Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында Жеңіс күніне арналған «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды» атты іс-шара өтеді.

Сағат 11.30-да Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күніне арналған Ішкі істер министрлігі басшыларының қатысуымен марапаттарды тапсыру рәсімі және гала-концерт өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақ гуманитарлық заң университетінің әскери кафедрасының студенттері мен офицерлері Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.

Сағат 16.00-де ЭКСПО павильонында IT-стартаптар халықаралық технопаркінің жеделдетілген бағдарлама қатысушыларының бірінші ағынының шығуына байланысты салтанатты шара өтеді.

АЛМАТЫ

Алматы облысының Алакөл ауданында ара шаруашылығын және мал шаруашылығының, азық-түлік қауіпсіздігін тексеру мақсатында Қытай инспекторларының қатысуымен баспасөз туры өтеді.

Сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да робототехника турнирінің іріктеу кезеңі өтеді. Турнир екі тәртіп бойынша өткізіледі: «KazRoboProject» пен «KazRoboSport».

Сағат 11.00-де «ATAKENT» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында баспасөз жиыны өтеді. Аумақты көгалдандыру бойынша жүргізілген жұмыстар, кәсіпорынның ағымдағы жағдайын талқылауға, соның ішінде Алматы қаласының әкімдігінің жалға беру келісімшартын тоқтату және келешекте одан әрі дамыту, қазіргі және болашақтағы жоспарлармен оларды іске асыру туралы қаулысына арналады.

Сағат 11.00-де Оқушылар сарайында «Алматы - менің жасыл қалам!» ұранымен «Бірге жарқын» фестивалі өтеді.

Сағат 12.00-де Алматыға вице-премьер Асқар Жұмағалиев жұмыс сапарымен келеді. Журналистер жиналатын орын: Алматы поштасы.

Сағат 15.00-де «Борды сақ қорғаны» археологиялық паркінде «Týǵan jerim Almatym» фестивалі өтеді. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы аймақтық «Жаңғыру жолы» атты жастар қозғалысы, этномәдени бірлестіктер, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысады.

АТЫРАУ

Сағат 10:00-де Ақсай ауылдық округінің әкімдік ғимаратында «Отан үшін от кешкендер» атты сазды бағдарлама өтеді.

Сағат 17:00-де Тұрғындар қалашығындағы Ретро саябақта «Алмалы. KZ» V халықаралық балалар өнер фестивалінің салтанатты жабылуы өтеді.

ҚОСТАНАЙ

Сағат 11:00-де Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Жеңіс Нұрғалиев және «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты Әли Бектаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтеді. Жиында табиғатты тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы мәселелері қаралады.

ШЫМКЕНТ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Оңтүстік Қазақстан музыка колледжінің өкілдері Италия мен Грузия елінде өткен халықаралық байқаулардан алған жеңісі туралы брифинг өткізеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 10.00-де Кеңес одағының Батыры М.Мәметованың ескерткішінің алдында «Жастық жалыным - мәңгілік еліме» атты студент қыздардың дәстүрлі «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 10-00-де Марал шаруашылығы аумағында «Жайлау» этноауылының ашылуы өтеді.

СЕМЕЙ

Сағат 12.00-де «Тарлан» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ҰОС ардагері Қабыш Омаровты еске алуға арналған қазақ күресінен қалалық турнир өтеді.

Сағат 15.00-де Абай атында театрда Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған салтанатты жиын.