5 маусым. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 5 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

56 жыл бұрын (1969) Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры Берік Сақбайұлы АРЫН дүниеге келді.

Берік Сақбайұлы АРЫН
Фото: baq.kz

Алматы облысында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филология» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті лауазымынан бастады. 1994-1995 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка басқармасының атташесі, 1996-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы лауазымдарында жұмыс атқарды. 2001-2002 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, 2002 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім бастығы, 2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, 2006-2007 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, 2007-2009 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2009-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары лауазымында болды. Осы қызметте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ұйымдастырушылық сұрақтарына жауапты болды. 2011-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2012-2016 жылдары Араб Мемлекеттері Лигасы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі, 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

2015-2016 жылдары ҚР-ның Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған. 2016-2018 жылдары ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымын атқарды. 2018-2019 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, 2019-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Бахрейн Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы қарашадан бері атқарып келеді.

2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1971) Қостанай облысының прокуроры Берік Рахатұлы ӘБІЛОВ дүниеге келді.

Берік Рахатұлы ӘБІЛОВ
Фото: Gov.kz

Талдықорған облысының Жаркент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған қаласы прокуратурасында тағылымдамадан өтуші қызметінен бастаған.

Алматы қаласы прокуратурасының тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Бас прокуратураның басқарма бастығы, қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. Қаржы полициясы органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2018-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

53 жыл бұрын (1972) белгілі қазақстандық палуан, Әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасы Спорттық күрес қауымдастығының вице-президенті Юрий Васильевич МЕЛЬНИЧЕНКО дүниеге келді.

Юрий Васильевич МЕЛЬНИЧЕНКО
Фото: prosports.kz

Қырғызстанның Жалалабад қаласында туған. Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген, жаттықтырушы-оқытушы.

Қазақстанның 7 дүркін чемпионы; Азияның 3 дүркін чемпионы (1995, 1996, 1997); Азия ойындарының чемпионы (Хиросима, 1994); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995; Афины, 1999); 57 келіге дейінгі салмақтағы XXVI Олимпиада ойындардың чемпионы (Атланта, 1996); әлем чемионы (1994, 1997); жастар арасындағы әлем чемпионы (1990, 1991); грек-рим күресінен ҚР чемпионы (1994, 1995); ІІ Шығысазиялық ойындар чемпионы (1991); ІІ Орталықазиялық ойындар чемпионы (1997).

Бапкер ретінде XXVIII Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Георгий Цурцумияны тәрбиеледі.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденімен марапатталған.

49 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Фаткулович КАМАЛОВ дүниеге келді.

Рамиль Фаткулович КАМАЛОВ
Фото: primeminister.kz

Торғай облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Ақмола облысы ІІБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының № 84 жекешелендірілген әскерлендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті бақылау инспекторы болып бастаған. 1998 жылы Ақмола облысы МӨҚҚ № 19 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы, 1998-1999 жылдары Астана қаласының МӨҚҚ № 7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, 1999-2005 жылдары Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалының № 7 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, Астана қаласының «Өрт сөндіруші» РМК № 11 филиалының № 11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалының өрт сөндіру тобының бас маманы, 2005-2006 жылдары ҚР ТЖМ ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы, 2006-2014 жылдары ҚР ТЖМ Өртқе қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімінің бас маманы, бастығы, 2014-2016 жылдары ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы болып қызмет етті. 2016-2017 жылдары ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары лауазымын атқарған. 2017-2023 жылдары ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2023-2025 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметіне 2025 жылдың ақпан айында кірісті.

«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III, ІІ және І дәрежелі медальдарімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

47 жыл бұрын (1978) Жетісу облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы Ермек Омарұлы АПЕКОВ дүниеге келді.

Ермек Омарұлы АПЕКОВ
Фото: alataunews.kz

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Алматы технология университетін «ветеринарлық санитария», «кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын Іле ауданы Өтеген батыр кентінде Алматы облыстық ветеринарлық зертханада мал дәрігер болып бастады.

Әр жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы облысы Балқаш аудандық аумақтық басқармада бас маман-ветеринарлық инспектор, Балқаш аудандық тұрғын үй-тұрмыстық шаруашылық бөлімінде, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары болды.

Қазіргі лауазымын 2022 жылғы қазан айынан бері атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар