5 мыңнан астам алаяқтық хабарлама бұғатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Алаяқтық әрекеттер белгілері бар 5 мыңнан астам аккаунт анықталып, бұғатталды. Тағы 7 мың аккаунт тексеру аясында тұр. 

5 мыңнан астам алаяқтық хабарла бұғатталды
Фото: Kazinform

Алматы облысы прокуратурасымен интернет-алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл бойынша ірі онлайн-платформалар (Krisha.kz, Kolesa.kz, OLX.kz) өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында үздіксіз ақпарат алмасу ұйымдастырылды.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде алаяқтық әрекет белгілері бар 5 мыңнан астам аккаунт анықталып, бұғатталды. Тағы 7 мың аккаунт тексеру аясында тұр.

— Бұл аккаунттардың басым бөлігі Алматы қаласы мен облысында пәтерлерді тәуліктік жалға беру, жылжымайтын мүлікті сату, автокөліктерді әдейі төмен бағамен сату және шетелден автокөлік бөлшектерін жеткізу іс-әрекетімен байланысты. Алаяқтар, әдетте, өздеріне тиесілі емес объектілердің жалған фотосуреттерін пайдаланып, «бронь» үшін алдын ала төлем талап еткен, — делінген хабарламада

Прокуратура мен маркетплейстердің бірлескен жұмысы цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алгоритмін қалыптастыруға ықпал етті.

Айта кетелік Алматыда интернет-алаяқтық үшін сатып алынған SIM-карталар тәркіленген еді

Соңғы жаңалықтар