5 мыңнан астам колледж оқытушысы біліктілігін арттырды

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде колледж басшылары мен педагогтеріне арналған кең ауқымды біліктілікті арттыру курстары өтті, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 мыңнан астам колледж оқытушысы біліктілігін арттырды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Биыл бұл бағдарлама 5 000-нан астам маманды қамтып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа серпін берді.

— Бағдарламаның басты ерекшелігі экономиканың нақты секторларына бағытталған бейіндік оқыту болды. Қатысушылар теміржол және автокөлік, құрылыс, энергетика, машина жасау, тау-кен ісі, мұнай-газ, IT, дәнекерлеу, тігін өндірісі, қоғамдық тамақтандыру, ауыл шаруашылығын механикаландыру және ветеринария сияқты 13 стратегиялық бағыт бойынша білімдерін жетілдірді, — делінген хабарламада.

5 мыңнан астам колледж оқытушысы біліктілігін арттырды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бұл бастама тек оқыту ғана емес, бүкіл техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін заманауи технологиялық талаптармен үйлестіруге бағытталған маңызды қадам болды.

Сарапшылардың айтуынша, педагогтердің кәсіби деңгейін көтеру болашақ мамандардың сапасын арттырудың негізгі факторы саналады.

Осыдан бұрын APEC PetroTechnic жоғары колледжі базасында AI Lab+ жасанды интеллект зертханасы іске қосылғанын жаздық.