5 мыңнан астам оқушы PISA, TIMSS зерттеулеріне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 мыңнан астам оқушы PISA , TIMSS зерттеулеріне қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлім етті.
None
None

«2014-2015 оқу жылында, келесі жылдың сәуір айында біздің 5 мыңнан астам оқушымыз PISA , TIMSS зерттеулеріне қатысады. Бұл халықаралық зерттеу. Ол арқылы балаларымыздың білім деңгейі анықталады. PISA зерттеуімен 15 жастағы, ал TIMSS зерттеуімен 4-8 сынып оқушылары қамтылады», - деді департамент басшысы.

Оның атап өтуінше, аталған зерттеулердің жүргізілуіне орай еліміздің Білім және ғылым министрлігі 4 ттамыздан бастап 10700 педагогтың білімін көтеру шараларын қолға алған.

«Ұстаздардың білімін көтеру сәуір айындағы балаларымыз қатысатын PISA зерттеуінде өз нәтижесін береді деп күтеміз», - деді ол.

Ж.Жонтаеваның сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде 294 мың ұстаз бар. Оның 16 мыңнан астамы келер жылы үш деңгейлі, ал 47 мыңға жуығы қысқа мерзімді курс арқылы білімдерін көтеретін болады.

Соңғы жаңалықтар