5 наурыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 5 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

67 жыл бұрын (1959) Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Әбдәлі Тоқбергенұлы НҰРАЛИЕВ дүниеге келді.

Әбдәлі Тоқбергенұлы НҰРАЛИЕВ
Фото: wikipedia.org

Жамбыл облысында туған. 1981 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1981-1983 жылдары Торғай облысындағы Жақсын элеваторында шебер, механик, 1987-1988 жылдары Торғай облысындағы Челгашинский элеваторының бас инженері, Торғай облысындағы Челгашинский элеваторының директоры, 1988-1989 жылдары Целиноград облысындағы Краснознаменский элеваторының бас инженері, 1989-1996 жылдары Жуалы ауданы Бурный астық қабылдау пунктінің директоры, 1996-2001 жылдары «Алтын дән» Акционерлік қоғамының президенті, 2001-2003 жылдары Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, 2003-2007 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі, 2007-2012 жылдары Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімі, 2012-2015 жылдары Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2017-2023 жылдары Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі болды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

65 жыл бұрын (1961) ҚР Парламенті Мәжілісінің VIІІ шақырылым депутаты Дания Мәдиқызы ЕСПАЕВА дүниеге келген.

Дания Мәдиқызы ЕСПАЕВА
Фото: time.kz

Ақтөбе облысында туған. 1982 жылы Алматы есеп-несие техникумын, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист.

Еңбек жолы: 1982-1986 жылдары КСРО Мемлекеттік банкінде Ақтөбе облыстық басқармасы несие бөлімінің экономисі, 1986-1987 жылдары аға экономисі, 1988-1991 жылдары Өнеркәсіп-құрылыс банкі облыстық басқармасы ақша айналымы бөлімінің аға экономисі, 1992 жылы «Тұран» СО Ақтөбе филиалының бас есепшісі, 1992-1995 жылдары «Тұран» СО Ақтөбе филиалы директорының орынбасары, 1995-1997 жылдары Қазақстан Әлем Банкі Ақтөбе облыстық басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығының міндетін атқарушы, 1998-2005 жылдары «Тұран Әлем Банкі» АҚ директорының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары, 2006-2014 жылдары «Тұран Әлем Банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры, 2014-2016 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры, 2016-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен; «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», «Үздік қаржыгер» медальдарымен марапатталған.

63 жыл бұрын (1963) Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Жәнібекұлы МАТАЕВ дүниеге келді.

Жаңбырбай Жәнібекұлы МАТАЕВ
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын және Орта Азия университетін құрылыс инженері және құқық мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Маңғышлақ бұрғылау басқармасының қызметкері (1980); Шевченко облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің ПМК күрделі құрылысты техникалық қадағалау жөніндегі жұмысшы, инженер (1985-1989); «ҚаражанбасТермНефть» мұнай-газ өндіру басқармасында инженер-техникалық қызметкер (1989); құрылыс учаскесінің бастығы; «МаңғыстауНефтеПродукты» ААҚ вице-президенті, бірінші вице-президенті, «Тәуекел» АҚ және «Дәулет» ЖШС президенті, директоры (1991-2001); Ақтау қалалық мәслихатының тексеру комиссиясының штаттық төрағасы (2001-2002); «Каскор» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары (2003-2005); Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы (2005-2012); Қазақстанның Ұлттық өнеркәсіп палатасы басқарма төрағасының орынбасары (2012-2013); «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы (2013-2023).

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Әсет Қазақбайұлы ШЫНДАЛИЕВ дүниеге келді.

Әсет Қазақбайұлы ШЫНДАЛИЕВ
Фото: Адлет Беремкулов / Kazinform

Жамбыл облысында туған. 1998 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары Орталық көлік ауданы Ақмола көлік прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 1999-2002 жылдары аға прокурор, Орталық сауда орталығының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары жөніндегі прокурордың аға көмекшісі, 2002-2008 жылдары ҚР Бас прокуратурасының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің аға прокуроры, хатшылық бөлімінің бастығы, бөлім бастығы, 2008-2009 жылдары ҚР Бас прокуратурасының басшысы, 2009-2010 жылдары Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары, 2010-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Қалдыбекұлы ЫСҚАҚОВ дүниеге келді.

Нұржан Қалдыбекұлы ЫСҚАҚОВ
Фото: Pro Kadry KZ

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженерлік-технология мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университетін және Қазақстан Халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетін инженерлік ғылымдар магистрі дәрежесімен бітірген.

Еңбек жолы: Ақтөбе облысындағы шахта шебері (2005); зауытта бас технолог, Алматыда бас инженердің орынбасары; Түркістан облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында (2009-2021); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы (2021-2025); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары (2025).

2025 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1985) Батыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының міндетін атқарушы Дархан Оразұлы БАЙЖАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған.

Еңбек жолы: Әділет жүйесінде және «ҚТЖ» ҰК» ұлттық көлік компаниясында бөлім бастығы, директордың орынбасары және филиал директоры; облыстық әкімдікте бөлім бастығы; Шымкент ауданы әкімінің орынбасары; Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Астана көлік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары (2024-2025) сияқты басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2026 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметін атқарып келеді.

39 жыл бұрын (1987) Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Жанатұлы КЕНЖЕБЕКОВ дүниеге келді.

Айдулат Жанатұлы КЕНЖЕБЕКОВ
Фото: egemen.kz

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында туған. 2008 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2008 жылы Атырау облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау-келісімшарт бөлімінің бастығы, 2011-2019 жылдары Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, 2019-2022 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

38 жыл бұрын (1988) Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек ЖЕНІСБЕКҰЛЫ дүниеге келді.

Нұрлыбек ЖЕНІСБЕКҰЛЫ
Фото: egemen.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін филология мамандығы бойынша, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолы: 2006 жылы «Қазақстан» телеарнасының тілшісі, 2013-2017 жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор және сарапшы қызметтерін атқарды; баспасөз хатшысы, Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің кеңесшісі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы, 2018 жылы ҚР Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары, 2020-2022 жылдары Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2022-2023 жылдары ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.

160 жыл бұрын (1866-1937) — көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт азаттық Алаш қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы, ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы БӨКЕЙХАН дүниеге келді.

Әлихан Нұрмұхамедұлы БӨКЕЙХАН
Фото: Wikipedia

Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында (бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы) туған. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед тарайды.

Әкесі Нұрмұхамед Әлиханды тоғыз жасында молдаға оқуға беріп, кейін мектепте білім алады. Бұдан соң Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, үздік бітіріп шығады. 16 жасында Әлихан Омбының техникалық училищесіне түседі, 20 жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының шәкіртақысына ие болған ол Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтына түскен. Оқумен қатар, саяси, әдеби, экономикалық үйірмелерге атсалысып, студенттік шерулерге қатысқан.

Әлихан жас кезінен-ақ қазақ қауымының өзекті мәселелерін жан-тәнімен түйсініп өседі. Халқына білім мен мәдениеттің ауадай қажеттігін жасынан ұғынған. Оқуды бітіре салысымен Омбыға келіп, қаланың саяси-әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. «Народная свобода» партиясына өтіп, қазақ зиялылары арасында партияның шағын тобын құрады. Әлихан сол кезден бастап өзін саяси тұлға ретінде қалыптастыра бастаған.

Әлихан Бөкейхан мен оның сенімді серіктерінің бастамасымен «Қазақ» газеті ашылды, сол газетке «Қыр баласы» деген атпен өзекті мақалалар жазды. «Алаш» партиясы, кейін Алаш Үкіметі құрылды. Автономия ретінде күш-қуатын бекіте түскен ел зиялылары Алаш әскерін жасақтады.

Әлихан Бөкейхан миллиондаған қазақты «Алаш» идеясының төңірегіне топтастыра білген тұлға. ХХ ғасырдың басынан бастап Алашорда үкіметі тарағанға дейін ол ұлт мүддесі жолындағы күрестің бел ортасында жүрді.

1937 жылы 27 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум