5 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
2026 жылғы 5 наурыз сағат 08:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолда барлық көлік үшін қозғалыс ашылды:
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Астана — Көкшетау (айналма жол арқылы) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол ө/п)» автожолы, 492-522-шақырым аралығы (Мамлютка айналма жолы — РФ шекарасы);
• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы (Қайрақ ө/п)» автожолы, 729-856-шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы — Ақмола облысы шекарасы);
• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 595-946-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Бескөл ауылы);
• «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы (Бидайық ө/п)» автожолы, 50-280-шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы — РФ шекарасы);
• «Көкшетау — Рузаевка» автожолы, 61-196-шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы — Рузаевка ауылы);
• «Қостанай — Мамлютка» автожолы, 305-406-шақырым аралығы (Пресновка ауылы — Мамлютка қаласы);
• «Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы (Қызыл Жар ө/п)» автожолы, 11-73-шақырым аралығы (Петропавл қаласы — РФ шекарасы);
• «Петерфельд — Архангельское — Новокаменка — Жезқазған — Арқалық — Петропавл автожолына шығу»,0-31-шақырым аралығы (Петерфельд ауылы — Новокаменка ауылы);
• «Булаево — Возвышенка — Молодогвардейское — Кирово — Киялы — Рощинское» автожолы, 0-228-шақырым аралығы (Булаево қаласы — Рощинское ауылы);
• «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолы, 0-87-шақырым аралығы (Рощинское ауылы — Волошинка ауылы);
• «Волошинка — Сергеевка — Тимирязево» автожолы, 0-119-шақырым аралығы (Волошинка ауылы — Тимирязево ауылы);
• «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» автожолы, 0-24-шақырым аралығы;
• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысы шекарасы» автожолы, 0-32-шақырым аралығы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы);
• «РФ шекарасы (Қарақоға ө/п) — Петропавл» автожолы, 0-120-шақырым аралығы (РФ шекарасы — Петропавл қаласы);
• «Астана — Көкшетау (айналма жол арқылы) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол БӨП)» автожолы, 341-473-шақырым аралығы, (Ақмола облысы шекарасынан — Бескөл ауылы);
Ақмола облысы
• «Көкшетау — Рузаевка» автожолы, 0-61-шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
• «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолы, 2-50-шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 552-595-шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы — Сурған ауылы)
• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 346-407-шақырым аралығы (Жақсы ауылы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
• «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолы, 304-341-шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
Қостанай облысы
• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолы, 555-729-шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
• «Қостанай — Мамлютка», 180-330-шақырым аралығы (Мендіқара ауылы — Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы).
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-501-шақырым аралығы (Рудный қаласы – Ақтөбе облысы шекарасы);
• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 418-539-шақырым аралығы (Қарабалық кенті – Қостанай қаласы).
Ақтөбе облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234-шақырым аралығы (Қарабұтақ елді мекені – Қостанай облысының шекарасы).
Жабық жолдар
Қолайсыз ауа райына байланысты келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысы уақытша шектелді:
Ақтөбе облысы
• «Ақтөбе — РФ шекарасы (Әлімбет бекеті)» 6, 39-136-шақырым аралығы (Шәмші Қалдаяқов ауылы — Әлімбет кенті);
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы», 776-965-шақырым аралығы (Ақтөбе — Қарабұтақ).
Жетісу облысы
• «Үшарал — Достық — ҚХР шекарасы», 84-164-шақырым аралығы (Көктұма станциясы — Достық станциясы)
Павлодар облысы
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Еске салайық, 5 наурызда «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.