5 наурызда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуын уақытша тоқтатады. Бұл жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізуге байланысты. Бұл туралы ұлттық оператор «Қазтелерадио» хабарлады.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
- 2025 жылдың 5 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, - делінген «Қазтелерадио» хабарламасында.
Айта кетелік «Қазтелерадиоға» жаңа басшы келген еді.