19:31, 31 Қаңтар 2023 | GMT +5
5 өңірдегі өзендердің су деңгейі көтеріледі - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазгидромет 1 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с жетеді.
Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында1-3 ақпан аралығында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі күтіледі.