5 сәуір. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 5 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1959-1962 жылдары – «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары – Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға, бас ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1995-1996 жылдары – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры. 1997-1998 жылдары – Қ.А. Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған. 1989 жылы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті болып сайланып, 1996 жылы бірінші президенті, 2004 жылы президенті болды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

51 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Серікбайқызы ЕСМАҒАМБЕТОВА дүниеге келді.

1997 ж. - Алматы мемлекеттік медициналық институтын гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген. 2018 ж. – Инновациялық Еуразия университеті және Management marketing university. «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатқа ие. Еңбек жолы: 1990-1991 жж. - Алматы қаласындағы №7 емхананың дәрігер-фельдшері. 1997-2004 жж. - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның эпидемиологы, бактериолог, аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі. 2004-2013 жж. - жетекші маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшы, құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары. 2013-2014 жж. - Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. 2014-2017 жж. - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры - тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндегі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары. 2017 жылдың наурыз – қарашасы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2017 жылдың қарашасы – 2020 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры. 2020 жылдың 20 наурызы – 2020 жылдың қыркүйегіне дейін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы (2020-2022).

Қазіргі қызметін 2022 жылдың ақпанынан бастап атқарып келеді.

45 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Мұратұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылы Мериленд университетін (АҚШ) бітірген, «қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бизнес магистрі. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

1999 жылдан 2000 жылға дейін - Павлодар қаласы №3 отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында экономист-менеджер. 2002 жылдан 2006 жылға дейін - Алматы қаласында «Эрнст энд Янг Қазақстан» аудиторлық компаниясында аға консультант. 2006 жылдан 2009 жылға дейін - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры, 2009 жылдан 2010 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, 2010 жылдан 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, 2012 жылдан 2016 жылға дейін - Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (министр), 2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі. ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары (2019). Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (2019), 2019-2020 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінде.

Қазіргі лауазымын 2022 жылдың қаңтарына бері атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар