Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары: Қазақ күресінен финалистер белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM- 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алғашқы жарыс күнінің финалистері белгілі болды. Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтап жатыр.

Бүгін, 9 қыркүйек бозкілемге ерлер 55, 60, 66, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шықса, әйелдер 48, 52, 56 және 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатыр.
Назарларыңызға алғашқы жарыс күнінің іріктеу кезеңінің нәтижесін ұсынамыз:
-55 кг: Б.Төлепов (Қазақстан)\К.Оболбеков (Қырғызстан)
-60 кг: Е.Бакшиев (Әзербайжан)\М.Берекетов (Қазақстан)
-66 кг: Д.Тұқышев (Қазақстан)\М.Ширинов (Өзбекстан)
-74 кг: Е.Хасанов (Әзербайжан)\Ж.Қожамбеков (Қазақстан)
Әйелдер:
-48 кг: Л.Асакеева (Қырғызстан)\А.Жылқыбаева (Қазақстан)
-52 кг: С.Муродова (Өзбекстан)\Н.Азаматова (Қазақстан)
- 56 кг: А.Фатихова (Ресей)\Р.Нұрмахамметова (Қазақстан)
-60 кг: Б.Құсақбаева (Қазақстан)\С.Лнияни (Польша)
Финалдық белдесулер сағат Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Қазақ күресінен жарыстар Qazaqstan телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі.
Қазақ күресі бойынша жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында өтіп жатыр.