5 шілде. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 5 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 

1 шілде. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

53 жыл бұрын (1971) Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі вице-президенті Асқар Әбиұлы СЕЙДӘЛИЕВ дүниеге келді. В.И.Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

календарь
Фото: yu.edu.kz

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Колорадо тау-кен мектебінде кәсіби тәжірибеден өтті. Еңбек жолы: 1993 жылы «Агротехника» кооперативінің шебері, 1994-1997 жылдары «Агротехникада «Қуат» есепшісі, 1997-2004 жылдары Ш.Есенов атындағы университетте стажер-оқытушы, оқытушы, аға оқытушы, ректордың көмекшісі болды.

2004-2005 жылдары Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университеттің Мұнай және газ институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2005-2006 жылдары Ш.Есенов атындағы университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры болды.

2006-2017 жылдары аталмыш университеттегі мұнай және газ факультетінің деканы, 2006-2017 жылдары методикалық оқыту жөніндегі проректор, ректор кеңесшісі қызметін атқарды.

2018 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2021 жылдан бері қазіргі қызметінде.