5 шілде. Жылнама

2 шілде. Жылнама
Фото: Kazinform/Midjourney

Kazinform оқырман назарына 5 шілдеге арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1952 жылы Өскемен педагогикалық институты (қазіргі университет) құрылды. 2003 жылғы қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен оқу орнынағалым, тіл маманы-түркітанушы Сәрсен Аманжоловтың есімі берілді. 

1961 жылы Жетібайда №6 ұңғыдан қуатты мұнай фонтаны атқылады. Бұл дата Маңғыстау мұнайының ашылған жылы саналады. Ондағы тәуліктік мұнай қуаты еліміз ойынша ең жоғары көрсеткішке жетті. 

1998 жылы астанада Қазақстан ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаев пен Ресейдің бірінші Президенті Борис Ельцин ҚР мен РФ арасындағы Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Шартқа қол қойды. 

2000 жылы «2000 жыл – мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануына орай, сонымен қатар астананыәлеуметтік-мәдени дамыту мақсатында және көрнекті қазақ әншісі Күләш Байсейітованың атын мәңгі есте сақтау үшін К.Байсейітова атындағы опера және балет театрына Ұлттық театр мәртебесін беру туралы Жарлық шықты. 

2000 жылы Атырау қаласының орталық алаңына түркі тектес мәмлүктер арасынан шыққан, Мысырды билеген сұлтан, ортағасырлық Мысырдың аса ірі әскери және мемлекет қайраткері Бейбарыс сұлтанға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. 

2001 жылы Ақмола облысы Щучье қаласындағыКадет корпусы ғимаратының алдында қазақтыңұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклортанушы, ағартушы-демократ Шоқан Уәлихановтың ескерткіші ашылды.

2007 жылы елордада Бөгенбай батырдың ескерткіші ашылды. Ескерткіш Сарыарқа мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Салтанатты шараға қала әкімініңорынбасары Ермек Аманшаев, Парламент Сенатының депутаты Өмірбек Байгелді және Кәкімбек Салықов, Алдан Смайлов, Мырзатай Жолдасбеков сынды жазушылар қатысты. Қаракөк граниттен жасалған ескерткіштің жалпы биіктігі – 11,3 метр. Авторы – мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Тоқтар Ермеков. Бөгенбай батыр (1680-1775/1776) – XVIII ғасырдағы қазақ халқының даңқты қолбасшыларының бірі, жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін ұйымдастырушы. 

2010 жылы астанада өткен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мемлекетаралық кеңесінің 27-мәжілісінен кейінгі Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь, Қазақстан және Ресей Кеденодағы құрылғанын жариялады. 

2013 жылы астана Әділет департаменті жаңақоғамдық бірлестік – «Ғарышты дамыту институтын» тіркеді. Оның президенті болып Талғат Мұсабаев тағайындалды. ҒДИ ҚБ-ныңбасты міндеті – Қазақстан Республикасында ғарыш саласын қалыптастыруда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қолғабыс ету. 

2017 жылы астанаға алғаш рет Омбы облысыныңтарихи архивінен Кенесары ханға қатыстықұжаттар жеткізілді. Әрқайсысы 10-15 парақтықамтитын 40 құжат әкелінді. Онда Омбы және  Ақмола облыстарының тарихы жайында құнды мәліметтер жинақталған. Омбы облысы архивінде жалпы 2 миллионнан астам материал сақтаулы. 

2017 жылы АҚШ-тың Филадельфия қаласында«World Open 2017» ірі халықаралық турнирі өтті, оған қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік қатысты. Турнирде барлығы 216 шахматшы сайысқа түсті. Оның 33-і – ерлер гроссмейстері, 26-сы – ерлер арасында халықаралық шебер.

2017 жылы астанада қуаты 50 кВт электрмобильдерді қуаттауға арналған алғашқы өндірістік станция ашылды. Compass ЖҚС + express market кешенінің жаңа автожанармай құюстанциясы ҚР-да бұрыннан бар станциялардан ерекшеленеді, себебі АВВ компаниясының Terra 53 моделінің жылдам қуаттау станциясы барлықтиптегі электромобильдерді 10-30 минут ішінде80%-ға дейін қуаттауға мүмкіндік береді. 

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасыаясында Ақтауда Қазақ ССР халық әртісі, қазақхалқының ұлы актері Нұрмұхан Жантөриннің ескерткіші ашылды. 

2018 жылы астанада Қолжазбалар мен сиреккітаптар ұлттық орталығында «Астана – Алашарманы» тақырыптық көрмесі ашылды. Уақытша көрмені ұлттық орталық Павлодар облысының «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен бірлесіп ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар
telegram