5 тамызда елорда әкімдігінде білім грантына өтініш қабылдау басталады

«2023-2027 оқу жылына Астана қаласының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1084 білім грантын бөлді. Ұлттық бірыңғай тесттілеу (ҰБТ) тапсырып, «Педагогика ғылымдары» мамандығы бойынша кемінде 75 балл жинаған талапкерлер педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады», - деді Нариман Еламанов Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің мәлімдеуінше, талапкерлердің өтінішін арнайы комиссия қарайды.
«Мемлекеттік білім беру грантына үміткерлерден құжаттар қабылдау алдағы 5-15 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Одан кейін талапкерлердің тізімдерін (қажет болған жағдайда құжаттарын) Астана қаласының білім басқармасына жолдайды. Сосын Астана қаласының жергілікті атқарушы органының комиссиясы 2023 жылдың 16 тамыз бен 21 тамыз аралығында талапкерлердің тізімдерін қарайды», - дейді ол.