5 және 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау бойынша мониторингтік зерттеу жүргізіліп жатыр

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 1-30 қазан аралығында еліміздің барлық аймақтарында білім беру ұйымдарынан тәуелсіз «Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің 5 және 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау» мониторингтік зерттеуі жүргізіледі.
None
None

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, зерттеуді  өткізудің мақсаты -  оқушылардың жаратылыстану-математикалық дайындығы мен деңгейін, олардың оқу жетістіктеріне  әсер ететін факторларды анықтау. Зерттеу құралы  халықаралық тәжірибедегі тұжырымдамалық тұрғыға сәйкес құрастырылған.

Зерттеуге 5 000 астам 5, 9-сынып оқушылары, 96 мектеп директоры, 672 жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдері қатысады. Зерттеу нәтижесінің обьективті болуы үшін мектептің орналасқан жері мен оқыту тілі, түрі мен типі, оған қатысушыларының сандық өзара арақатынас ұстанымы қолданылған.

Зерттеу аясында оқушылар өздеріне қызықты логикалық тапсырмалармен жұмыс істеп, пән мұғалімдері келешекте оны оқу үдерісінде пайдаланып, ал білім беру ұйымдарының басшылары зерттеу қорытындысы бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдай алатын болады.

Зерттеуді жүргізу ҚР БҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығына жүктеледі.

Соңғы жаңалықтар