14:03, 02 Қыркүйек 2010 | GMT +5
5 жылдық білім беруді дамыту мембағдарламасы негізгі мақсаттарға қол жеткізгенімен әлі де шешілмеген проблемалар бар
СТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздің білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізгі мақсаттарға қол жеткізгенімен білім беру жүйесінде әлі де шешілмеген проблемалар бар. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңес барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.

Осы жылы аяқталатын аталмыш бағдарлама бойынша алдын ала қорытынды жасауға болатындығын айтқан вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда қолданыстағы мемлекеттік бағдарлама негізгі мақсаттарына қол жеткізгеніне қармастан білім беру жүйесінде әлі де шешілмеген проблемалар бар.
«Олар қаржыландыру көлемінің аздығы, тиімсіз басқару, педагог кәсіби беделінің төмендігі, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базасының әлсіздігі, мектепке дейінгі біліммен қамтудың төмендігі, шағын жинақты мектептердің көп болуы, техникалық және кәсіптік жоғары білім түлектерінің біліктілік деңгейінің еңбек нарығы талаптарына сәйкес келмеуі», деді М.Сарыбеков.