5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленді - ОҚО

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары, мемлекеттiк бағдарламалар және Елбасының Жолдаулары ескерiле отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленді.
None
None

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәліметтерге қарағанда, 2012 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған әлеуметтік-экономикалық индикаторларының негізгі макроэконономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізілген. Атап айтқанда, 2012 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім 1 122 млрд. теңгені құрады. Алдын ала қорытынды бойынша ЖӨӨ 1,7 трлн. теңге көлемінде бағаланады. 2012 жылы өнеркәсіп өнімінің өсімі 104,2 пайызға бағаланса, жылдың қорытындысымен нақты көлем индексі 106,5 пайызды немесе 444,8 млрд. теңгені құраған.

Ал газ саласы бойынша «Бозай - Ақбұлақ» магистралі 2013 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Жоба қуатқа қосылғанда жылына облысқа 6 млрд. текше метр газ келетін болады. Жобаның екінші кезеңі «Бозай - Бейнеу» магистралды құбыры 2014 жылдың соңына жоспарланған. Оның нәтижесінде 15 млрд. текше метр газ тасымалданатын болады.Жалпы «Бейнеу-Ақбұлақ» бағытына 7 АГРС-тің жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге 2013 жылғы облыстық бюджеттен 198,6 млн. теңге қаралған.

Соңғы жаңалықтар