50 ауылда су құбыр желісін кеңейту үшін бюджеттен 40 млрд теңге қажет – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық санының артуына байланысты 50 ауылда су құбыры желілерін кеңейту қажет. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын халық саны артуда. Тиісінше су тұтыну көлемі де ұлғайды. Халықтың көші-қонына байланысты бүгінгі күні 50 ауылда су құбыры желілерін кеңейту қажет. Бұл Ақмола, Алматы, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстары. Мысалы, Ақмола облысының Қараөткел ауылында қазір 18 мыңға жуық адам тұрады. Ал 2018 жылы салынған су құбырлары 8 мың адамға ғана арналған», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, мұндай ауылдардаңы су құбыры желісін кеңейту үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлу қажет.

«Әкімдіктер бұл ауылдар үшін жобалау-смета құжаттамасын тез арада әзірлеуі қажет», - деді Б. Атамқұлов.

Бұған дейін Б. Атамқұлов сумен қамтамасыз ету деңгейін артыру үшін көрсеткіштері төмен өңірлерге басым негізде қаражат бөлінетінін айтты.

Сондай-ақ, сумен жабдықталмаған 1 922 ауылдың мәселесін шешу үшін бірқатар шара көзделген.


Соңғы жаңалықтар