50 проценттік үстемеақы: Күзде мұғалімдер аттестациядан өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы мектеп мұғалімдерінің аттестациясы өтеді. Соның нәтижесі бойынша жалақыға 50 проценттік үстемеақы қосылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

50 проценттік үстемеақы: Күзде мұғалімдер аттестациядан өтеді

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, бүгінде республика бойынша 285 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді. Олардың тең жартысы - жоғарғы және бірінші санаттағы мұғалімдер.

«Қазіргі кезде мұғалімдерге нақты талап қоятын педагогтың кәсіби стандарты бекітілді. Аттестациядан өткізу жүйесі талқыланып жатыр. Аттестацияны күзде жаңа оқу жылы кезінде бастайтын боламыз», - деді Е. Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетов аттестацияның нәтижесі бойынша 50 проценттік үстамеақының төленетінін растады.

«Қазір аттестацияның жаңа тәртібі бекітіліп жатыр. Бұл - Елбасының тапсырмасы. Соның нәтижесі бойынша ұстаздарға 30-50 процентке дейін үстемеақы төленетін болады», - деп атап көрсетті А.Аймағамбетов.