«500 кВ-тық Екібастұз - ШГЭС (Семей) - Өскемен ӘЖ құрылысы» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат. "KEGOC" АҚ-ы Өскемен қаласында «500 кВ-тық Екібастұз - ШГЭС (Семей) - Өскемен ӘЖ құрылысы» жобасының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау жөнінде қоғамдық тыңдаулар өткізді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

Қоғамдық тыңдауларға БАҚ, шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, облыстың Бесқарағай, Ұлан және басқа аудандары әкімдіктеріндегі ТКШ, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімдерінің өкілдері, еңбек ардагерлері және жұртшылықтың мүдделі өкілдері қатысты. Жобалардың тұсаукесерінде "KEGOC" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері шығып сөйледі.

Бұрын осы жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар 18 қарашада Екібастұз қаласында өткізілді.

Осы жоба бойынша тыңдаулар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнама талаптарына сәйкес Қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (бұдан әрі - ҚОӘАБ) және "KEGOC" АҚ-да қолданылатын ИСО 14001 экологиялық менеджмент жүйесінің материалдары бойынша жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан БЭЖ-мен электрлік байланысы 220 кВ-тық ЕЭК - ҚС 51 транзиті бойынша, сондай-ақ Ресей аумағы арқылы өтетін 500 кВ-тық ЕЭК - Рубцовск - Өскемен ӘЖ-мен қамтамасыз етіледі. Осы ӘЖ-нің өткізу қабілеті 800 МВт-ты құрайды, авариялық режимдерде, 500 кВ-тық Рубцовск - Өскемен ӘЖ ажыратылған кезде 300 МВт-қа дейін кемиді, бұл облыстың электрмен жабдықталуын ресейлік тораптар арқылы электр энергиясының транзитіне тәуелді етеді. Жобаның іске асырылуы Солтүстік-Шығыс қимасындағы тораптардың өткізу қабілетін 1640 МВт-қа дейін ұлғайтуға, Шығыс Қазақстан облысының тапшылықтарын Ресей БЭЖ тораптары арқылы электр энергиясының транзитіне тәуелсіз жабуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл жобаның іске асырылуы контрреттеуші-Бұлақ ГЭС-н енгізген кезде Шульба ГЭС-нің толық қуатын беруді (қазіргі уақыттағы 135 МВт-тан 700 МВт-қа дейін) қамтамасыз ету үшін қажет.

Әкімшілік қарым-қатынасында ӘЖ күрежолы солтүстік-шығысқа қарай Павлодар және Шығыс Қазақстан облысы шектерінде көзделген.

ҚОӘАБ-ға сай 500 кВ және 220 кВ жобаланатын қосалқы станциялар мен әуелік электр жеткізу желілері ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда орналаспаған.

500 кВ және 220 кВ әуелік электр жеткізу желілерінің құрылысы мен қосалқы станцияларды салу және кеңейту барысында қолданылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайтады.

Жобаның құны - 42,5 млрд. теңге, іске асырылу мерзімі - 2011-2017 жж. Қаржыландыру қарыз қаражатын тарту мен "KEGOC" АҚ-тың өз қаражаты есебінен жорамалданады.

Соңғы жаңалықтар