500 мыңға жуық сириялық Түркиядан еліне оралды
АСТАНА.KAZINFORM - Соңғы 9 айда 474 018 сириялық азамат Түркиядан Сирияға өз еркімен оралды. Араб Республикасында билік ауысқаннан кейін өз еркімен елге оралу туралы өтініштер саны айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Анадолы.
Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая мәлімдеді.
Министр Түркияның бұрынғыдай сириялық босқындарға өз еркімен оралу сатысында қолдау көрсетуін жалғастырып жатқанын атап өтті.
— 2024 жылдың 8 желтоқсанынан бері 474 018 сириялық бауырымыз отанына оралды. Ол 2016 жылдан бері өз еркімен оралған сириялықтардың жалпы саны 1 миллион 213 620 адамға жеткенін атап өтті.
Ерликаяның айтуынша, көші-қон процестерін басқару президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен жүзеге асырылады және Түркия тарихи тәжірибесі, гуманистік және мәселеге ұтымды көзқарасының арқасында бүкіл әлемге үлгі.
Ол сириялықтардың өз еркімен оралу процестерінің Көші-қон дирекциясының үйлестіруімен ерекше мұқияттылықпен жүргізілетінін айтты.
Бұған дейін билік ауысқаннан кейін 800 мыңнан астам сириялық босқын еліне оралғанын хабарлаған болатынбыз.