09:27, 14 Сәуір 2024 | GMT +5
500 шаршы метрді шарпыған — Астанада жатақхана өртенді
АСТАНА. KAZINFORM - Астанада жатақхана өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

"Елордалық өрт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақты шарпыған жатақханадағы өртті сөндіруде", - делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауды ұсынады.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 06:07-де толықтай жойды.