20:45, 13 Шілде 2010 | GMT +5
51-ші халықаралық математикалық олимпиада медалистерінің суреттері Талдықорған билбордтарында орналастырылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жерлестерінің қол жеткізген табыстарына алғыс ретінде Талдықорған қаласының кіреберісінде 51-ші халықаралық математикалық олимпиаданың медалистері Қанат Сатылханов пен Нұрсұлтан Қажымұратовтың портреттері билбордтарға орналастырылды. Бильбордтың көлемі 7,5 - 3 метр, портреттердің астына «Біздің - мақтанышымыз!» деген жазу жазылған.

51-ші халықаралық математика олимпиадасында Талдықорғанның дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған мектеп-лицейінің түлектері алтын медальдарға ие болды.
Облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, Қазақстан Республикасының командасы құрамында әлемнің 98 елінің 822 қатысушысы арасынан суырылып шығып, үздік атану - біздің білім беру мекемеміздің жас математиктері үшін үлкен жетістік.