52 мың тонна: Түркістан облысында алғашқы баялды өнімі жиналды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM —  Биыл Түркістан облысында баялды өнімін егуге 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бөлінді. Негізгі егіс алқаптары Сарыағаш, Сайрам, Жетісай, Келес және Түлкібас аудандарында шоғырланған. Бұл туралы АШМ мәлім етті.

Түркістан облысында алғашқы баялды өнімі жиналды 
Фото: АШМ

— Болжам бойынша, баялды өнімін жинау көлемі шамамен 52 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда өңірдің диқандары алғашқы өнімнің 2,9 мың тоннасын жинап үлгерді. Көкөніс өсірушілер мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланып келеді, — делінген хабарламада.

Түркістан облысында алғашқы баялды өнімі жиналды 
Фото: АШМ

Атап айтқанда, субсидиялау бағдарламасы аясында минералды тыңайтқыштарға жұмсалған шығынның 50–60%-ы, сондай-ақ пестицидтерге, гербицидтерге және биологиялық күрес құралдарына кеткен шығынның 50%-ы өтеледі.

Түркістан облысында алғашқы баялды өнімі жиналды 
Фото: АШМ

Бұдан бөлек, саланың дамуына септігін тигізетін өзге де қолдау түрлері көрсетілуде. Аграршылардың үйлесімді жұмысы мен мемлекеттік қолдаудың арқасында Түркістан облысында көкөніс шаруашылығы тұрақты даму қарқынын көрсетіп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып отыр.

Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4%-ға артты.

Соңғы жаңалықтар