52 мыңнан астам босқын Түркиядан Сирияға оралды

АСТАНА. KAZINFORM – Башар Асад режимі құлағаннан бері Түркиядан 52 622 сириялық өз үйіне оралды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеді, деп жазады Report.

52 мыңнан астам босқын Түркиядан Сирияға оралды
Фото: report.az

Ведомство басшысы бүгінде Түркияда 2 миллион 880 мыңнан астам сириялық босқын өмір сүріп жатқанын айтты.

Айта кетейік, Сирияны 61 жылдан астам басқарған «Баас» партиясы 2024 жылы 12 желтоқсанда құлатылды. Содан кейін Түркияда тұратын сириялық босқындар еліне орала бастады.

Сирия Сыртқы істер министрі Асад аш-Шайбани мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз.

Сирияда қоғамның барлық саласын қамтитын үкімет құрылады.

 

 

Соңғы жаңалықтар