54 жастағы ақтөбелік үшемнің әкесі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 13 жылдан кейін алғаш рет жасанды жолмен ұрықтандырылмаған үшем дүниеге келді, деп жазды «Мой ГОРОД» порталы.

 54 жастағы ақтөбелік үшемнің әкесі атанды

Алға қаласының тұрғыны Жарлыхан Сейітов 8 желтоқсан күні күндізгі төрттер шамасында қуанышты хабар алды. 54 жастағы инженер-механиктің үшемнен бөлек, төрт баласы бар: үлкені Әнуар он үш жасқа толса, үш қыздың ең кішісі Томирис үшке келді. Жаңа туған Сейітовтердің жағдайы жақсы, үш ұлдың әрқайсысының салмағы - 2700 грамм. Оларға әлі есім берілген жоқ.