55 000 бірегей коды бар АХЖ-11 қазақ тіліндегі нұсқасы бізге не береді

АСТАНА. KAZINFORM – Алғаш рет мемлекеттік тілде 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесі ұсынылды. 

55 000 бірегей коды бар АХЖ-11 қазақ тіліндегі нұсқасы бізге не береді
Фото: ҚР ДСМ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде қазақ тіліндегі нұсқасын қамтитын 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. 

Бұл медициналық деректердің дәлдігін, егжей-тегжейін және үйлесімділігін арттыруға ықпал ететін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Қазіргі уақытта әлемнің 132 елі АХЖ-11 енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр, бұл ретте қазақ тілі АХЖ-11 ресми аударылған 11-ші тілге айналды. Бұған дейін ағылшын, испан, орыс, өзбек және басқа да бірнеше тілдердегі нұсқалары шыққан. 

АХЖ-11 аурулар мен денсаулыққа қатысты мәселелерді жіктеу мен кодтаудың жаһандық стандартын білдіреді. Құжатта жарақаттардың, аурулардың және өлім себептерінің шамамен 55 000 бірегей коды бар. Ол медициналық құжаттаманы жүргізуді стандарттауға, аурулардың нақты есебін қамтамасыз етуге және ұлттық және халықаралық деңгейде деректермен алмасуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

- АХЖ-11 қазақ тіліндегі нұсқасы статистика мен сырқаттанушылықты талдау процесін жақсартуға, эпидемиологиялық ақпаратты жинауға және есепке алуға мүмкіндік береді, бастапқы буындағы медициналық-санитариялық көмекті жақсартуға ықпал етеді, профилактика және емдеу мәселелерін сапалы реттеуге жәрдемдеседі, медициналық деректерді елде және шетелде бірдей түсіндіруге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында АХЖ-11 мақұлдағаннан кейін, 2019 жылдың мамырында ДДҰ-ға мүше елдердің алдыңғы нұсқадан (АХЖ-10) кезең-кезеңімен көшу процесін бастады. Қазақстанда қазақ тіліне аудару жобасы 2023 жылы Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен медицина университеттерінің белсенді қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен басталды. Бұл үдерісте ДДҰ сарапшылары техникалық қолдау көрсетті.

- Қазақ тілін АХЖ-11-ге қосу - Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, медициналық құжаттама мен статистикалық мәліметтердің сапасын арттырады. Бұл денсаулық жағдайын талдауға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуды стратегиялық жоспарлауға көмектесетініне сенімдімін, - деп атап өтті ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі доктор Skender Syla.

АХЖ-11 туралы қосымша ақпаратты ДДҰ-ның ресми парағынан табуға болады

Дос Сарбасов бастаған қазақстандық ғалымдардың онкологияға қарсы дәрісін өндірістік деңгейге шығару үшін қанша ақша кетуі мүмкін екенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар