5,5 мың жас қазақстандық «Наурыз» және «Отау» бағдарламасы арқылы баспаналы болды

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың мәлімдеуінше, биыл «Наурыз» және «Отау» тұрғын үй бағдарламасына бюджеттен 220 млрд теңге бөлінді. 

Тұрғын үй кезегі
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

— Жастарды қолдау бойынша кешенді шара жүзеге асырылып жатыр. Басты мәселе — жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Биыл «Наурыз» және «Отау» тұрғын үй бағдарламасына бюджеттен 220 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 5,5 мың жас баспаналы болды, — деді Ермек Көшербаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ вице-премьер биыл жұмысшы жастарды қолдауға бағытталған «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғанын тілге тиек етті.

— Одан бөлек, ауылдық жерлер мен шағын қалаларда сұранысқа ие мамандарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарлама да жүзеге асырылып жатыр, — дейді ол.

Айта кетсек, 15 шілдеде Президент көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған құжатқа қол қойды

Сонымен қатар 15 шілде күні Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі туралы заңға өзгеріс енгізді

Соңғы жаңалықтар