553 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасы арқылы білім алды

АСТАНА. KAZINFORM – Жыл басынан бері 553,7 мың азамат, оның ішінде 53,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 1 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 710,3 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 960 мың адам оқудан өтті.

553 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасы арқылы білім алды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Оқуды аяқтаған 53,5 мың жұмыссыз азаматтың шамамен 16,5 мыңға жуығы негізінен Түркістан облысы (3,5 мың адам), Қызылорда және Қостанай облыстары (тиісінше 2,5 және 2,8 мың адам), Алматы қ. (2,3 мың адам), Алматы облысы (2,2 мың адам) жастар (16-35 жас аралығы) болды.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-нан астам курс жариялады, оның 375-і – тегін. Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 6-дан 72 сағатқа дейін.

Қыркүйек айындағы ең танымал курстар: «IT и телекоммуникации», «Повар-кондитер», «Сенің мансаптық бастамаң: «Электрондық еңбек биржасын» қалай пайдалануға болады», «Управление персоналом», «Пішу және тігу».

Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандық бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді. Осылайша, Жұмысшы мамандықтар жылының жүзеге асырылуы аясында ағымдағы жылдың мамыр айында мектеп түлектері мен ТжКБ оқушылары үшін «Сенің мансаптық бастамаң: «Электрондық еңбек биржасын» қалай пайдалануға болады» және «Твой карьерный старт: как использовать «Электронную биржу труда»» атты курстар орналастырылды.

Аталған арнайы курстар болашақ мамандықты таңдауға жәрдемдеседі, жұмыс іздеу мен өзіндік таныстыру дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ Электрондық еңбек биржасының құралдарын тиімді қолданып, жұмыс вакансияларын табу, біліктілікті арттыру және т.б. мүмкіндіктерді үйретеді. Бүгінгі таңда 375 мыңнан астам мектеп оқушысы мен студент аталған оқытудан өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды.

Бұдан бұрын хабарлағандай, платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу. Пайдаланушылар үшін жасанды интеллект көмегімен чат-бот қол жетімді, ол жылдам іздеуді және қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алуды қамтамасыз етеді.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.

Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.

Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады.

Бұған дейін Қазақстанның e-Qyzmet жүйесі халықаралық OPSI платформасында таныстырылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар