57 мемлекет Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін жүзеге асыруды қолдады

«Қазір қытай тарапынан жасалған Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін жүзеге асыру бойынша бастамасы бүкіл әлемнің қызығушылығын тудырып отыр. Осы идея аясында Қытай Қазақстанды өзінің ең негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде бағалайды», - деді маман.
Оның айтуынша, аталмыш бастама көптеген елдердің алдыңғы қатарлы экономист, сарапшы, саясаткер, қаржыгер мамандарының назарын өзіне аударды.
«Аталған бастама Қытайдың тек идея ұсынуымен ғана емес, сонымен қатар бір уақытта екі бірдей маңызды қаржылық құрылым құруымен қызықты. Бұл, біріншіден, бастапқы кезеңде негізгі капиталы 50 млрд. долларлы құрайтын инфрақұрылымдық инвестициялардың Азиялық банкі болса, екіншіден, Жібек жолы қоры. Бірақ бұл толықтай қытайлық құрылым. Жалпы айтқанда, бүгінде 57 мемлекет Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін жүзеге асыруды қолдап отыр», - деді маман.