13:03, 12 Қазан 2012 | GMT +5
58 жастағы әйел темір тордың ар жағына героин өткізбек болып, ұсталды
ОРАЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/1 мекеме қызметкерлері 58 жастағы азаматшаны, Орал қаласының тұрғынын құрықтады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әйел темір тордың арғы жағында отырған туысқанына азық-түлік беру кезінде тіс пастасының қорабына салынған героин есірткі затын бірге өткізбекші болған. Есірткі затының жалпы салмағы 0,76 грамды құрайды.