6 ақпан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 6 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
72 жыл бұрын (1952) қоғам қайраткері Әбілғазы Қалиақпарұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. 1971 жылы Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін техник-шахта салушы мамандығы бойынша, 1981 жылы Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін инженер-механик мамандығы бойынша, 1992 жылы Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1971 жылдан РКФСР Кемеров облысы Шерегеш кенішінің 5-ші разрядтағы үңгілеушісі, 1972 жылдын Кеңес әскерінің қатарында қызметте болды. 1974 жылдан «Қарағандыкөмір» бірлестігі «Долинская» шахтасының тау-кен шебері, 1975 жылдан №2 тау-кен кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері (Қарағанды қаласы), 1980 жылдан Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1991 жылдан Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы, 1996 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, 1999 жылдың наурызынан бастап ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, 1999 жылдың желтоқсанынан ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі, 2001 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, 2002 жылдың наурызынан ҚР экономика және сауда вице-министрі, 2002 жылдың қыркүйегінен ҚР индустрия және сауда вице-министрі, 2003 жылдан ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы (2004 жылдан Техникалық реттеу және метрология комитеті) болды.
2005 жылдан ҚР көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі, 2007 жылдың қазанынан ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы, 2009 жылдың наурызынан ҚР көлік және коммуникациялар министрі, 2012-2013 жылдары Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды. 2013-2017 жылдары ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдарымен, КСРО көмір өнеркәсібі министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

69 жыл бұрын (1955) кинорежиссер, продюсер, киносценарист, актер Абай Сәдуақасұлы ҚАРПЫҚОВ дүниеге келді.
Талдықорған облысында туған. Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат институтын, С.Герасимов атындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін бітірген.
Тұңғыш қысқа метражды көркем фильмі республика жас кинематографистерінің «Бастау-83» байқау конкурсында үздік шықты. А.Қарпықов отандық алғашқы «Тоғысқан тағдырлар», «Шегіртке» сериалдарының продюсері. Сондай-ақ «Полторы штуки», «Влюбленная рыбка», «Воздушный поцелуй», «Дорога дорогой, дорогая», «Автобус в час пик», «Бахыт. Первая кровь», «Ясновидец Мажикен», «Тот, кто нежнее», «Фара» фильмдерін түсірген.

64 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы мемлекет және қоғам қайраткері Бақытбек СМАҒҰЛ дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 1975-1978 жылдары Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген. 1979-1981 жылдары Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызмет атқаруға жіберілген. 1981-1985 жылдары Алматы құрылыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген. 2000-2004 жылдары Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004-2008 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1985-1989 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс-жөндеу басқармасының инженер-техникалық қадағалаушысы. 1989-1995 жылдары шағын кооператив директорының орынбасары. 1995-1996 жылдары Алматы қаласындағы Уақытша автотұрақ басқармасының бастығы. 1996-1997 жылдары «Болашақ» базарының директоры. 1997-1998 жылдары Алматыдағы «Көк базардың» бас әкімшісі. 1998-1999 жылдары «Сәлем» базарының директоры. 2000-2005 жылдары «Тайқазан Техносервис» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005-2011 жылдары Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэквандо спорт клубының президенті және «Сауап» қоғамдық қорының президенті. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Қазалы ауданының «Құрметті азаматы». II дәрежелі «Айбын», «Құрмет», «За заслуги», «Долг и честь» ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Моңғолия Республикасының медальдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Таэквондодан V дан қара белбеу иегері. «Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қаhарман», «Үш қырлы жебе» кітаптарының авторы.

63 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Әділбек Қалибекұлы АЛДАБЕРГЕНОВ дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан облысында туған. 1984 жылы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін, 1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны сырттай бітірген.
Еңбек жолы: 1984-1988 жылдары Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының қарамағына жіберіліп, 42610 әскери бөлімнің арнайы жасақталған тобының командирі Прикарпат әскери округі 186-ші арнайы мақсаттығы жеке жасақ тобының командирі, Ортаазия әскери округі 71170 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі, Германиядағы кеңес әскерлері тобы п.п. 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі болды. 1988-1997 жылдары Германиядағы кеңес әскерлері тобы 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған ротасының командирі, 21208 әскери бөлімі арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары – штаб бастығы, Приволжье-Орал әскери округі арнайы жасақталған бригадасы арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары – штаб бастығы, ҚР ҚМ-нің қарамағында, жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальоны командирінің орынбасары, жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальон командирі, жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары – штаб бастығы, 1997-2004 жылдары жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасының командирі, Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, 14776 әскери бөлім басқармасының бастығы, Ұтқыр күштер қолбасшысының орынбасары Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, 2004-2007 жылдары «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, 2007-2009 жылдары «Шығыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, 2009-2013 жылдары 14776 әскери бөлімнің командирі, ҚР Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы, 2013-2016 жылдары ҚР ҚК Құрлықтағы әскерлер штабының бастығы – Бас қолбасшының бірінші орынбасары, 2016-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары болды.
«Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Айбын», ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, медальдармен наградталған.

56 жыл бұрын (1967) Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Заманбекұлы БАЙБЕКОВ дүниеге келді.
Семей (қазіргі - Абай) облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, заңгер.
Еңбек жолы: 1988-1990 жылдары Семей облысы Жаңасемей аудандық инспекциясының аға инспекторы, 1990-1999 жылдары Семей қаласы бойынша салық инспекциясының қызметкері, 1999-2002 жылдары Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, 2002-2014 жылдары Астана қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы, Қарағанды облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Салық департаментінің бастығы, 2014-2017 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2019-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі.
2022 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметінде.

46 жыл бұрын (1978) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры – басқарма төрағасы Болат Анапияұлы ТІЛЕПОВ дүниеге келді.
Кентау қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін саясаттанушы, саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2001-2005 жылдары «Стратегия» талдау орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы кіші ассамблеясы меңгерушісінің міндетін атқарушы, хатшылық меңгерушісі. 2008 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.
2013-2014 жылдары «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы. 2014-2015 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, 2017-2019 жылдары ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, 2019-2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
