6 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Погода пасмурно горы природа Ауа райы бұлтты таулар табиғат
Фото: Александр Павский/ Kazinform

10 қыркүйекте түнде Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Семей, Қостанай, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ақорда
Ұқсас жаңалықтар

Польшадағы Қазақстан азаматы бостандыққа шықты: Тоқаев шетелдік көшбасшыларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты