6 қараша. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 6 қарашаға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1985-1988 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы. 1988-1990 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы. 1990-1993 жылдары – жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы. 1993-1999 жылдары – «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы. 1999-2000 жылдары – «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы. 2000-2003 жылдары – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі. 2003-2004 жылдары – Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы. 2004-2005 жылдары – Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылдың наурыз бен қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі (2014-2017); Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2017-2019). Ақтөбе қаласының әкімі (2019-2022).
«Құрмет» орденімен (2008) және 3 медальмен марапатталған.

Жамбыл облысында туған. М. Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1990), Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтын (2000) бітірді.
Еңбек жолы: КСРО Қарулы күштері мотоатқыштар взводының командирі, Қазақстан Республикасы ІІМ және МТК органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкері, 4, 5 департамент, инспекция, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, ҰҚК және ҰҚК Шекара қызметінің кадрлар департаменті жедел және басқарушы құрамының қызметкері.
Қазіргі қызметін 2020 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің үшінші хатшысы, 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, 2004 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы болып қызмет атқарған. 2007-2009 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы істері бойынша уақытша сенімді өкілі. 2009-2015 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2015-2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2017-2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Мальтадағы, Сан-Маринодағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
Қазіргі қызметін 2021 жылдан бері атқарып келеді.