6 қазан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, яғни 6 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Календарь Казинформа
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сіләмжанұлы СЫДЫҚОВ дүниеге келді.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Қазақ КСР Еңбек мемлекеттік комитетінде еңбек ресурстары бөлімінің аға экономисі және іс басқару аға инспекторы, ҚР Еңбек министрлігінің жұмыспен қамту бас басқармасында еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас заң кеңесшісі, Жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет инспекциясының бастығы, Жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары; «Тұран-Агро» ЖШҚ заң бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президентінің Жоғарғы кеңестегі өкілінің аға сарапшысы, ҚР Парламенті Сенаты аппаратында консультант, құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлім меңгерушісі, аппарат басшысының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (2020-2022).

«Құрмет» орденімен, ТМД ПАА Құрмет грамотасымен, «ТМД ПАА. 20 жыл» күміс медалімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1964) Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Спартакұлы СМАЙЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Қарағанды ​​мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1989).

Еңбек жолы: Жамбыл облыстық мемлекеттік төрелігінің арбитрі (1989-1994); Жамбыл облыстық төрелік сотының судьясы (1994-1995); Жамбыл облыстық сотының судьясы (1995-2009); Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы (2009); Жамбыл облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы (2010-2015). ҚР Жоғарғы сотының судьясы (2015-2020).

Қазіргі қызметін 2020 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.

55 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Тілеубайұлы СӘЛЖАНОВ дүниеге келді.

Ол Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын, хирург (1993); Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтын, экономист (1997); Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясын – Мәскеу қаласындағы Бизнес және іскерлік басқару институтын, маркетинг және сатылымдарды басқару (2005); Дьюк университетінің жанындағы Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінің ықпалдастығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін (2012) бітірген.

Еңбек жолы: Ақтөбе қаласындағы «Мақсат Капитал» ШЖК құрылтайшысы әрі директоры (1993-1998); «AKZHOL» қазақ-неміс біріккен кәсіпорнының тең құрылтайшысы және директоры (1998-2000); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Қазақойл-Продактс» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры (2000-2001); «AKZHOL» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры (2001-2004).

«Құрмет» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен; «Білім беру меценаты-2012» Алтын медалі және дипломымен марапатталған.