6 маусым. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 6 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
89 жыл бұрын (1936) белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Тұрсын ӘБУОВ дүниеге келді.

Алматы облысының Іле ауданында туған. 1966 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет улищесін, 1976 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді.
Әбуов Тұрсынның кескіндемеші ретінде шығармашылық қалыптасуы өте бір ерекше заман – өткен ғасырдың 60-шы жылдарының аяғына сай келді. 70-ші жылдардағы ең үздік жұмыстары деп Ә.Қастеев атындағы МӨМ қорында сақтаулы тұрған «Көктемгі Алатау», «Гүлдер», «Көне ыдыс-аяқ», «Іле», «Шатқал», «Тау бағбаны» деген еңбектерін айтуға болады. Т.Бигелдиновтың портреті Мәскеуде Қарулы күштер мұражайында сақтаулы тұр. 80-90-шы жылдары Т. Әбуов кең түрдегі тақырыптық серияларға, «Іле тұқым шаруашылығы триптихы», «Қазақстан триптихы. Тың», «Абай халық арасында» (1984), «Қиын жылдар», «Мейрамдар» (1987), «Көлсай» мен «Өмір өткелдері» триптихтері (Н.Ә.Назарбаевтың жеке топтама қорында) сияқты көпфигуралы композицияларға көбірек ден қоя бастайды, оның ішінде «Өмір-Өзен» атты триптихы айрықша. Бұл мазмұны жағынан да, көлемі жағынан да (биіктігі 170 см, ұзындығы 23 м) көлемді картиналардың бірі. Суретші өз тағдырының белестері арқылы туған жерінің көріністерін, ұлттық дәстүрлерді көрсетеді.
50 жыл бұрын (1975) ҚР Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі Рустам Ахатханұлы БАЯЛИЕВ дүниеге келген.

Алматы қаласында дүниеге келген.1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 1998 жылы Еуразия нарық институты, халықаралық журналист (бакалавр), экономика бакалавры, экономика магистрі.
Еңбек жолы: 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінде Мемлекеттік салық комитетінің маманы, 1997-1999 жылдары жылы Қарағанды облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, облыс әкімінің көмекшісі, 1999-2002 жылдары ҚР Қаржы министрінің көмекшісі – департамент хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, 2003-2004 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары, 2004-2005 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2005-2014 жылдары «ТПЭП» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметінде болды. 2014-2024 жылдары «Астанаэнергосервис» АҚ Басқарма төрағасы, 2024-2025 жылдары ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінде болды.
Қазіргі лауазымына 2025 жылдың ақпан айында кірісті.
48 жыл бұрын (1977) ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Валерьевич ВАГАПОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Заңнаманы құқықтық сараптау, кодтау және жүйелеу басқармасының жетекші маманы, 1999-2000 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Заңнаманы талдау бөлімінің бас маманы, 2000-2001 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жалпыға міндетті оқу басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бастығы, 2001-2002 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты қызметінде болды. 2002-2003 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің азаматтық және шаруашылық заңнама секторының меңгерушісі, 2003-2006 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарған. 2006-2007 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 2007-2008 жылдары ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігі басшысының орынбасары, 2008-2013 жылдары «Нұр Отан» ХДП Заң басқармасының басшысы, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы, 2014-2018 жылдары ҚР Экономика министрлігінің жауапты хатшысы, 2018-2020 жылдары Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2020 жылдың маусымынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Казақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарімен марапатталған.