6 наурызда республика бойынша қай жолдар жабық тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

дорога, трасса, автомобиль, жол, көлік
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысы уақытша шектелді:

Батыс Қазақстан облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолы, 273-526-шақырым аралығы (Барбастау ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолы, 526-702-шақырым аралығы (Маржанбұлақ ауылы — Батыс Қазақстан облысының шекарасы);
• KZ 04-01 «Ақтөбе — РФ шекарасы (Әлімбет өткізу бекеті)» автожолы, 39-136-шақырым аралығы (Ш. Қалдаяқов ауылы — Әлімбет өткізу бекеті);
• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолы, 5-234-шақырым аралығы (Қарабұтақ кенті — Қостанай облысының шекарасы);
• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолы, 11-337-шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы — Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы

• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолы, 337-346-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Сағыз кенті).

Қостанай облысы

• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолы, 234-549-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Қостанай қаласы).

Павлодар облысы

* «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысы

* Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады

Еске салайық, синоптиктер 6 наурызда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар